ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ

Кокшинова Светлана Юрьевна – Қазақ ұлттық хореография академиясының кәсіптік білім берудің мектеп-колледжінің басшысы.
Мәскеу академиялық хореография училищесінің (қазір Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы) түлегі.
Бұдан бұрын Б. Аюханов жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының жетекші солисі, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының классикалық би оқытушысы болып жұмыс істеді.

МАРАПАТТАРЫ
«Ерен еңбегі үшін» медалі
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

Канетов Нурлан Исмагулович – Қазақ ұлттық хореография академиясының Хореография факультетінің деканы. Бұдан бұрын Н.Г. Жиганов атындағы Мемлекеттік консерваторияның түлегі (Казань қ.).
М.Жәлел атындағы Татар академиялық опера және балет театрының жетекші солисі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі болып жұмыс істеді.

МАРАПАТТАРЫ

РФ Еңбек сіңірген әртісі
РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
«Душа танца» балет сыйлығы
Татарстанның еңбек сіңірген әртісі

Кабдусова Дина Ерікқызы – Қазақ ұлттық хореография академиясының Педагогикалық факультет деканының орынбасары.

Владимир Мемлекеттік гуманитарлық университетінің түлегі, Владимир қ., РФ, «Көркем білім» бағыты бойынша, «Хореография» мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі.
Бұдан бұрын «№5 Владимир қалалық балалар өнер мектебі» муниципалдық балаларға қосымша білім беру мекемесінде, сонымен қатар, Қазақ ұлттық өнер университетінде, Астана қ. оқытушы болып жұмыс істеді.

Алиева Гүлнар Жұмабайқызы – Қазақ ұлттық хореография академиясының концерттік қызмет және сахналық практика қызметінің басшысы, классикалық би оқытушысы.
Мәскеу академиялық хореография училищесінің (қазір Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы) түлегі.
Бұдан бұрын Алматы қ. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі, солисі, сахна шебері болып жұмысы істеді.

МАРАПАТТАРЫ
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Садыкова Анвара Ариповна – өнер магистрі, Қазақ ұлттық хореография академиясының “Хореография педагогикасы” кафедрасының аға оқытушысы.

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлегі.

Бұдан бұрын балет әртісі, арнайы пәндер оқытушысы, мұражай меңгерушісі болып жұмыс істеді, ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының Шығармашылық жастар кеңесінің мүшесі.

МАРАПАТТАРЫ
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты

Мусин Ринат Ильтаевич – Қазақ ұлттық хореография академиясының «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті.

«Педагог-хореограф» мамандығы бойынша А.В. Луначарский атындағы ГИТИС түлегі.
Бұдан бұрын ҚР Қазақ мемлекеттік академиялық би театрының әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің факультет деканы болып жұмыс істеді.

МАРАПАТТАРЫ
ҚР Еңбек сіңірген әртісі
«Құрмет» орденінің кавалері
«Ерен еңбегі үшін» медалі

Саитова Гульнара Юсуповна – профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясының Балетмейстерлік факультетінің деканы.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша түлегі.

Бұдан бұрын Мемлекеттік Республикалық Ұйғыр театрының балет солисі, Ұйғыр музыкалық комедия театрының балетмейстері, К. Кужамьяров атындағы Мемлекеттік Республикалық Ұйғыр музыкалық комедия театрының бас балетмейстері болып жұмыс істеді.

МАРАПАТТАРЫ
ҚР Еңбек сіңірген әртісі
ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған (1985)
«Ильхам» сыйлығының лауреаты (2005).

Тукеев Мұрат Орындықбайұлы – Қазақ ұлттық хореография академиясының Режиссура кафедрасының меңгерушісі.

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлегі.

Бұдан бұрын Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет труппасының директоры, қоюшы-балетмейстер, сонымен қатар А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы болып жұмыс істеді.

МАРАПАТТАРЫ
ҚР Еңбек сіңірген әртісі

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің «Балет әртісі» мамандығы бойынша түлегі.

Бұдан бұрын К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінде педагог- хореограф болып жұмыс істеді.

МАРАПАТТАР

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі