МАГИСТРАТУРА

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура)

 6М040600 «Режиссура» мамандығы

(оқу мерзімі 2 жыл)

 6М040900 «Хореография» мамандығы

(оқу мерзімі 2 жыл)

Магистратура бағдарламасы бойынша 1 курсқа түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Ректор атына өтініш;

2. Жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;

3. Тест тапсырғанын дәлелдейтін сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

4. Кадрлар есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат;

5. 3×4 форматтағы фото – (6 дана);

6. Медициналық 086-У формы анықтамасы;

7. Жеке куәлік көшірмесі;

8. Ғылыми және ғылыми- әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда);

9. Өзге тілде ұсынылатын құжаттар нотариалды куәланғанын қазақ тілінде немесе орыс тілінде аударылған болуы қажет;

10. Шет ел азаматтарының құжаттары белгіленген шартқа сәйкес заңды түрде болуы шарт;

11. Шет тілі,орыс, немесе қазақ тілдеріне тестілеу бойынша төлем туралы түбіртек;

12. Қосымша құжаттар (профиль бойынша реферат және рефератқа рецензия, дипломмен, грамотамен толықтырылған портфолио республикалық және халықаралық байқаулардың мамандық бойынша (шеберлік сыныптарының сертификаты);

13. Мастер-класс сертификаттары

Құжат тапсыру: 3 – 31 шілде аралығында;
Қабылдау емтихандарының мерзімі: 10 – 20 тамыз аралығында.

Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия магистратураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаларға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Апелляциялық комиссия құрамына тәуелсіз сарапшы ретінде білім беруді басқару мекелемерінің өкілдері, хореографиялық мамандық бойынша өзге білім беру мен ғылыми ұйымдардың  ғылым кандидаттары мен докторлары енгізілуі қажет.
Апелляциялық комиссия магистратураға тапсырушы тұлғалардан өтініштерді қабылдау емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылдайды және оны өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды. Қойылған бағаға байланысты дауыс беру жүргізіледі, және баға көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.