БАСШЫЛЫҚ

Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызы – балет әртісі және педагог, Мариин театрының прима-балеринасы, ағылшын Корольдік балеті және Марсель балетінің прима-балеринасы; Ресей Халық әртісі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры.
А. Я. Ваганова атындағы Ленинград хореография училищесін Инна Зубковскаяның сыныбы бойынша бітірген.
1978 жылдан бастап – С. М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрының (қазір – Мариин театры) солисі, классикалық репертуардың жетекші партияларын орындаушы.
1989-1993 жылдары Лондон Корольдік балетінде (Ковент-Гарден) биледі;
1995-1997 жылдары – Ролан Петидің Марсельдік труппасында (Франция) биледі. Ла Скала, Гранд-Опера, Америка балет театрларында және т.б. гастрольдерде болды.
1999-2013 жылдары – А.Я. Ваганова атындағы Санкт-Петербург Орыс балеті академиясының көркемдік жетекшісі, проректоры. 2013 жылы Санкт-Петербургтегі Михайловский театры бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды.

Марапаттары
«Парасат» орденінің кавалері
«Золотой софит» сыйлығының лауреаты
«Балтика» сыйлығының лауреаты
Достық орденінің иегері

Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы – Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясын «Фортепиано» мамандығы бойынша және 2007 ж. – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аспирантурасын «Кәсіптік білім теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді. Көптеген оқу құралдарының, әдістемелік әзірлемелер мен ғылыми мақалалардың авторы.

Еңбек қызметі:

1984-1989 жж- Ә. Қашаубаев атындағы №1 БММ педагог-концертмейстері, Алматы қ.;
1989-1998 жж – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Музыкалық аспаптар» кафедрасының фортепиано оқытушысы, Алматы қ.;
1998-2000 жж – Ә. Қашаубаев атындағы №1 БММ педагогы;
2000-2002 жж – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада өнері» кафедрасының аға оқытушысы;
2002-2006 жж – «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі;
2006-2008 жж – «Театр өнері және эстрада» факультеті деканының орынбасары;
06.2008-03.2009 жж – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің деканы;
03.2009-09.2014 жж – «Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМКК директоры;
09.2014-06. 2018 жж – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.

2018 ж. маусымынан бастап «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ бірінші проректоры.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
«Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығы;
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың Алғыс хаты;
Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.

 8 /7172/ 790 845

Толысбаева Жанна Жеңісқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры.
Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.
Бұдан бұрын «Мегалог» халықаралық журналының (Ресей), «Аманат» республикалық журналының (Қазақстан) редакциялық алқасының құрамында, «Открытое образование» журналы бас редакторының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор ретінде келесі құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді және бақылайды:
1) Стратегиялық даму, сапа менеджменті жүйесі және аккредиттеу бөлімі;
2) Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа бөлімі;
3) Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі;
4) Кітапхана;
5) Мұражай;
6) «Arts academy» журналы;

МАРАПАТТАР
Ы.Алтынсарин атындағы марапат
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»
«Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты
«Жыл ғалымы» номинациясының иегері

 8 (7172) 798 576.

Алишева Алила Турсумбаевна – педагог-хореограф.
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор.
1959 жылы Алматыда туған.

Алматы хореографиялық училищесін, 1977 ж. және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын 1997 жылы «Педагог-хореограф» біліктілігі бойынша бітірген.

1984 – 2006 жж. аралығында – А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінде арнайы пәндер оқытушысы, Классикалық би, Халық-сахналық би және Тарихи-тұрмыстық би пәндерінен сабақ берген. Оның шәкірттерінің арасында қазіргі кезде танымал шеберлер: Агибаева Қадиша, Сушков Дмитрий, Канетов Нұрлан, Абугалиев Нұрлан, Сарқытбаева Құралай, Таныкпаева Әлия, еліміздің атақты театрларының жетекші балет солистері Егизбаева Айман, Есентаева Динара, Амин Жексенбек, Акенев Диар, сонымен қатар Қазақстанның хореографиялық өнерінің дамуы мен қалыптасуына үлес қосып келе жатқан республика қайраткерлері, олардың қатарында Садыкова Анвара және басқалар бар.

2012 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының жұмысы және қалыптасуы үшін Астана қаласына шақырылды.

2002 – 2018 жылдар аралығында А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесіндегі педагогикалық қызметті Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жұмыспен қатар алып жүрді. Қатардағы оқытушыдан Академия профессорына дейінгі қызмет жолында кафедра меңгерушісі және факультет деканы болды.

Көптеген әртүрлі тақырыптарда мақалалар жазған: әдістемелік, әлеуметтік және публицистикалық; қазақ және орыс тілдерінде «Халық-сахналық би композициясы», «Халық-сахналық биді оқытудың әдістемелік негіздері» пәндік оқулықтары, «Поднимая в небо глаза» монографиясы басылып шықты..

А. Т. Алишева Қазақстан Республикасының қоғамдық және шығармашылық өміріне белсене қатысты, әртүрлі халықаралық Форумдар мен конференцияларға қатысқан.

2018 ж. бастап – Қазақ ұлттық хореография академиясында жұмыс істейді.

2015 жылы ТМД халықтарының Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» құрметті белгісімен марапатталды.

Успанов Бауржан Шәріпұлы – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі директоры.
Омск политехникалық институтының «Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша түлегі.
Бұдан бұрын жетекші инженер, электртехникалық қызметтің бастығы, бас инженер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының “ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор ретінде келесі құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді және бақылайды:
1) Әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
2) Инженерлік-техникалық бөлім;
3) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер.

МАРАПАТТАР
“Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл” медалі
“Ерен еңбегі үшін” медалі

 8 (7172) 790 840.

Кесекова Гүлбану Мадатқызы – Қазақ ұлттық хореография академиясының Қаржы директоры.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша түлегі. 

Бұдан бұрын Қазақ ұлттық хореография академиясының Қаржы-экономикалық қызметінің басшысы – Бас бухгалтері, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бас бухгалтері лауазымдарын атқарған. 

Марапаттары

«ҚҰРМЕТ» грамотасы

 8 /7172/ 790 597