ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қазақ ұлттық хореография академиясының Балет корпусы би залдары құрылысының барлық талаптарына сәйкес келеді. Корпустың жалпы ауданы 14 916 ш.м құрайды және құрамына аудандары әртүрлі 21 балет залы кіреді.  Барлық залдар 100-ден 400 шаршы метрге дейінгі ауданда жобаланған, бұл студенттердің өз шеберліктерін еркін шыңдауына және өнер көрсетулеріне дайындалуына мүмкіндік береді.

Болашақ ғимараттың өзгешелігіне ерекше назар аударылды: қабырғалар акустикалық панельдерден жасалған, би залына арналған ең жоғары сыныпты еден жабыны, Еуропадан әкелінген табиғи тастар. Бұдан басқа, әрбір зал кез келген жастағы балалардың бойына қарай бейімдеуге мүмкіндік беретін, реттелетін ағаш білдектермен, залдың биіктігімен бірдей айналармен жабдықталған. Сүйемелдеудің де маңызы зор: әрбір сабақ рояль ойынымен сүйемелденеді. Концертмейстерлер ең үздік классикалық шығармаларды ойнайды және балаларды жоғары мәдениетке үйретеді. 

Қазақ ұлттық хореография академиясында спорттық-бұқаралық жұмысты жүргізуге қажетті база бар. Академияда спорт және жаттығу залдары, жүзу бассейні, шағын футбол ойынына арналған спорт алаңы бар. Бассейн – оқу-жаттығу үрдісі үшін, сондай-ақ балаларды жүзуге үйретуге және сауықтыратын жүзуге арналған барлық қажетті құралдармен жабдықталған заманауи спорт ғимараты.

Бассейн Академияның астыңғы қабатында орналасқан, көлемі 20х10 м, тереңдігі 1.15-1.35 м. Су және ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 28-30 градус аралығында. 

Жүзу сабақтарының мақсаты – балалардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың дене бітімін, санитарлық-гигиеналық дағдыларын, суға оң көзқарасын қалыптастыру және олардың әртүрлі суда жүзу тәсілдерінің техникалық дағдыларын меңгеруі.

Қазақ ұлттық хореография академиясында спорттық-бұқаралық жұмысты жүргізуге қажетті база бар. Академияда спорт және жаттығу залдары, жүзу бассейні, шағын футбол ойынына арналған спорт алаң бар. Спорттық-бұқаралық жұмыс өткізу және жоғары оқу орындарының құрама командаларының қысқы және жазғы универсиадаларына қатысу үшін жыл сайын спорт жабдықтары мен киім-кешектер жаңартылып отырады.

Академияда студенттердің денсаулығын нығайтуға және дене күйін жетілдіруге, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.      

Жаттығу залының ауданы 65 ш.м. Жалпы дене және күш дайындығы сабақтарына арналған. Зал заманауи ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Ол үнемі таза ауа айналымын қамтамасыз етіп отырады, сондықтан сабақтар кез келген жыл мезгілінде барынша жайлы жағдайда өтеді.

 Зал жаттығу құрылығыларын өндіру саласындағы көшбасшы – CYBEX американдық жаттығу құрылғыларымен, сондай-ақ бейне және аудио жабдықпен жасақталған, бұл жаттығулар үшін жақсы жағдай жасайды.

Тұрғын үй корпусы 4 қабатты, оқушылар, колледж және университет студенттерінің тұруына арналған. Жалпы сиымдылығы – 336 орын. Бөлмелердің дизайны оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес ер балаларға, сондай-ақ қыздарға арналған. Тұрғын үй корпусының секциялары 2 жатын бөлмеден тұрады,  әр бөлмеде 3 кереует бар. Әр секцияда 2 санитариялық торап, 3 шұңғылша, 2 жеке душ кабинасы бар. Студенттерге арналған секциялар 2 орынды. Бұдан басқа, әрбір оқушыға жұмыс үстелі, шкаф, кереует жанына қойылатын тумба берілген.

Балалардың бос уақытын белсенді өткізуі үшін теледидар, проектор, пианиномен жабдықталған ойын бөлмесі бар. Мұнда балалардың көңілдері бөлініп, сабақтан тыс уақыт өткізуге мүмкіндіктері бар:  олар ойнайды, кітап оқиды, мультфильмдер көреді. Сонымен қатар, сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сынып та бар, мұнда сабаққа асықпай дайындалуға немесе ғаламтор желісінен қажетті ақпаратты табуға болады.