Республикалық пәндік олимпиада

29-30 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясында 5В040900 – Хореография» мамандығы бойынша Қазақстан Респубикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға республиканың 7 жоғары оқу орнынан студенттер қатысты. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстанның хореография өнері мен білім саласындағы көрнектиі қайраткерлері енді. 

Конкурстық комиссияның төрағасы – РФ Еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі, «Би жаны» сыйлығының иегері, Хореография факультетінің деканы – Канетов Нұрлан Исмағұлұлы. 

Олимпиада жаңа талаптар бойынша командалық режимде өтті. Қатысушы командалар көркемдік және техникалық мазмұнда хореографиялық пәндер бойынша оқу комбинациялары мен ғылыми-шығармашылық жобалар ұсынды.  Конкурстық комиссия мүшелері де жемісті әрі әділ жұмыс атқарды. Олимпиада аясында Академияның озық педагогтары класс-концерттер, шебер-кластар және тренингтер өткізді.  Екі тур нәтижелері бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.) «Абай жолы», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (Шымкент қ.) «Нұрлы жастар» және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің (Алматы қ.) «Томирис» командалары – 3-орынды иеленді. 

2-ші орынды Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (Алматы қ.) «КазНАИ-Ballet» және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ерке Жайық» (Орал қ.) командалары алды.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің (Қызылорда қ.) «Сыр самалы» командасына табыс етілді. 

Құрметті 1-орынды Қазақ ұлттық хореография академиясының «Academy stars» командасы иеленді.  Команда құрамында 3-4 курс студенттері болды: Батурова Карина (команда капитаны), Битуреева Мадина, Мухамметалиев Омар, Тлеубаева Дана, Төребай Айшабибі). Жетекшісі – өнертану ғылымдарының магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жумадьярова Элеонора Сеиловна.

Академия студенттері екінші жыл қатарынан «5В040900 –  Хореография» мамандығы бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадада 1-орынды иеленді. Өткен жылы түлектер Исмагулова Гаухар мен Уфимцева Марина Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен олимпиадада 1-2-орындарды иеленген. 

 «Academy stars» командасын, жетекшісі Э.С. Жумадьярованы және Хореография факультетінің бүкіл оқытушы-профессорлық құрамын шын жүректен үлкен жеңіспен құттықтаймыз! Одан әрі шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!